2002 жылы ҚазҰУ биология факультетінің бакалавр бөлімін бітіріп, сол жылы зоология және ихтиология кафедрасының маман қызметін атқарды. 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің магистратура бөліміне түсіп, 2005 жылы «коллоидтық химия» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2010 жылы 02.00.11 – коллоидты химия және физика-химиялық механика мамандығы «Қауын езбесінің агар-агардың құрылымдануына әсері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2012 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2013 жылдан география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, 2020 жылдан география және табиғатты пайдалану факультетінде қашықтықтан білім беру технологияларынының координаторы қызметін, 2021 жылдан география және табиғатты пайдалану факультетінің деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Оның 180-ден астам ғылыми еңбектері, 5 оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары бойынша ОӘБ РОӘК грифі алынды, Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған 13 оқу құралдары ( соның ішінде 5 оқу құралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған), авторлық құқығы уәкілетті органмен расталған электрондық 2 оқу құралы, авторлық құқықпен қорғалатын 10 куәлік пен 1 ҚР патенті жарық көрді. «Экология» мамандығының бакалавр білім беру бағдарламасының координаторы. Web of Science базасында индекстелген нөлдік емес импакт-факторы бар жоғары рейтингтік журналда 1 мақала, Scopus дерекқорында 2 мақала және Web of Science, Scopus базаларында индекстелген конференция материалдарында 2 мақала жарияланды, Хирш-индексі 3. Қазақстан Республикасының "ЖОО үздік оқытушысы – 2018" атағының иегері.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2005 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
25.12.2010 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Экология және тұрақты даму |
Силлабус 2013 |
|
Экология және тұрақты даму |
Силлабус иност фил, ист, жур |
|
Экология және тұрақты даму |
Силлабус архивовед |
|
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері |
Силлабус рус 12-13 ОБЖ+мир. экон. |
|
Полякова С.Е., Тажибаева Т.Л.
Оқу орнындағы «жасыл кеңсе»
"Казак университетi" 2015 - г. 36 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Абубакирова К.Д.
Экология және тұрақты даму
"Қазақ университеті" 2016 - г. ISBN 978-601-04-2433 272 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Экологиялық мониторинг
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2464- 290 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Абубакирова К.Д.
Экология және тұрақты даму
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2433- 272 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Абубакирова К.Д.
Экология және тұрақты даму
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2433- 17 - стр. ҚАЗАҚСТАН
ЭКОЛОГИЯ БОЙЫНША ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
" Қазақ университеті " 2018 - г. ISBN 978-601-04-3140-9 9 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Абубакирова К.Д.
Экология бойынша терминологиялық сөздік.
" Қазақ университеті " 2018 - г. 146 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Оразбаев А.Е., Мұқанова Г.А., Ердесбай А.Н.
Учебная практика для студентов специальности «5В060800 – Экология»
" Қазақ университеті " 2018 - г. 80 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Абубакирова К.Д.
Ecology and Sustainable Development
" Қазақ университеті " 2018 - г. 214 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Абубакирова К.Д., Рысмагамбетова А.А.
1. «Environment and sustainable development» Environment and Sustainable Development: educationalmethodical manual / A.K. Tanybayeva, K.D. Abubakirova, A.A. Rysmagambetova. – Almaty: Kazakh University, 2019. – 200 p. ISBN 978-601-04-1100-5
" Қазақ университеті " 2020 - г. ISBN 978-601-04-1100 200 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Абубакирова К.Д., Керимкулова А.Б., Рысмагамбетова А.А.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
" Қазақ университеті " 2020 - г. ISBN 978-601-04-4407 300 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Воронова Н.., Керимкулова А.Б., Рысмагамбетова А.А.
АЗЫҚ-ТҮЛІК ЭКОЛОГИЯСЫ
" Қазақ университеті " 2020 - г. ISBN 978-601-04-4408 180 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Абубакирова К.Д., Рысмагамбетова А.А.
The social and economic aspects of environmental issues in the Republic of Kazakhstan / Tanybayeva A.K., Abubakirova K.D., Rysmagambetova A.A. Editions du JIPTO – 2019. – 146 p.
Fidjip. – Paris: Editions du JIPTO 2019 - г. ISBN 978-2-35175-068 146 - стр. ФРАНЦИЯ
7
құжаттар
2